Мобильді топтың рейд жұмыстары

Қала әкімдігі жанынан құрылған мобилді топ қаламыздың көркін бұзып, бей берекет орналасқан сауда орындарына рейд жұмыстарын жүргізді. Көше бойында заңсыз саудамен айналысып отырған саудагерлерден орындарын босатуын сұрады.
Bazar_reid_Aidos_01
Заң барлығына ортақ. Қала көшелерінде заңсыз сауда орындарын аралады.Мобилді топ құрамына қала әкімдігі, ІІБ, қалалық кәсіпкерлік, тұтынушалардың құқықтарын қорқау басқарамасының қызметкерлері болды.Топтың бірінші аялдаған жері Абай көшесіндегі Универсам сауда үйінің жанындағы жайма базарда тоқтады.Саудагерлер жеміс-жидектерін көше бойына шашып төгуде. «Айбек» базарының басшысы бар жағдайды жасап беремін дейді, бірақ саудагерлер ешқандай жағдай жасалмаған деп өкініштерін жеткізді

Bazar_reid_Aidos_03
Мобилді топ мүшелері аталмыш базар басшылығына сауда орындарды ретке келтіруін міндеттеді. Рейд барысында Амангелді көшесі 100-шы үйдің жанында заңсыз тұрған дүңгіршектегі ескерту жасалып, хаттама толтырылды. Рейд қызметкерлері сатылымда тұрған жеміс жидек дүңгіршегінің жабылуын талап етті.
Мобилді топ ескі базарда аялдады.Базардың көшесіндегі көлік тұрағында және адамдар жүретін жолдарда бей берекет саудамен айналысып отқан саудагерлерге жолдарды босатуларын сұрады.

ІІБ қызметкерлері жол бойларын, көлік тұрақтайтын орындарды ашық сауда орындарынан тазартты.
Қала көркін құртатын бей берекет базар көбейетін болса қаламыз үлкен жайма базарға айналады дейді рейд қызметкерлері, Заңға қарсы тұрған кәсіпкерлерге 5 айлық көрсеткіште айыппұл салынатын болады. Көше бойларында бей берекет сауда жасалмауын ІІБ қызметкерлері қадағалап отыратын болады.

But, according to the report, issues http://trackingapps.org/ arose.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>