Мерейі тасыған отбасылар марапатталды

Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратып, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы-2016» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өз мәресін жетті. Отбасылық бәсекеге әр ауданнан төрт жанұядан қатысып, комиссия мүшелері олардың 8-ін жеңімпаз деп таныды. Соның ішіндегі 1 орынды иеленген 2 отбасы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін отбасы күніне арналған шараға қатысуға жолдама алды.

семья конкурс

Шараға қатысқан отбасылардың дені Алтын той, Күміс той иелері мен Батыр аналар, ардагерлер мен жас отбасылар. Барлығы өз жанұялары арқылы берекелі отбасыны насихаттауға күш салған. Осылайша жастарға үлгілі отбасы болудың құпиясын көрермендерге ақтарғандай. Сайыстың қорытынды кезеңінде Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев отбасы құндылығы бәрінен биік тұратындығын айтып, жеңімпаздарды жетістігімен құттықтады. Бұл отбасылық байқау биылмен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар шараға қатысуға ниеттілердің қатары жылдан жылға артып келеді дейді. Өткен 2015 жылы сайысқа облыстың аудан-қалаларынан өнегелі 146 отбасы қатысса, биыл қатысушылардың саны 297-ге жеткен. Жанұялық жарыста биыл Жаңақорған ауданынан Сыздықовтар әулеті де өз отбасының берекесін көпшілікке танытты. 10 ұл 4 қыз өсіп-өнген бұл жанұя аудандағы берекелі отбасының алды. Шиелі ауданынан келген Ноғайбаевтар отбасы да жарыс жеңімпаздарынан қатарынан орын алды. отағасы, Мәдениет майталманы Әлмырза Ноғайбаевтың аты бүткіл қазақ еліне мәшһүр десек артық айтқандық емес. «Ноғайбаевтар» халықтық жанұялық ансамблі атағымен көпшілікке танылған бұл отбасында 5 бала тәрбиеленуде. 50 жылға жуық өмірін өнер-білімге арнаған Әлмырза Әлиұлы өнегелі отбасы атану үшін жанұяда кезедесетін бар қиындықты ерлі-зайыпты бірлесе жеңу керек деп кеңесін айтады. Сырдария ауданы Амангелді ауылынан келген Жүсіповтар отбасы «Ізгілікті шаңырақ» номинациясына ие болды. Жанұяның бүгінгі тындырымды тіршілігі аталған атаққа әбден лайық. Отбасында 5 бала тәрбиелеп отырған бұл шаңырақ ауылда да ауданда да абыройы асқақ. Жарыс қорытындысымен 1 орын иегерлеріне отандық шипажайға жолдама берілсе, 2 орын алғандарға тоңазытқыштар, 3 орын тұғырынан көрінгендерге газ плиталар табыс етілді. Бүгінгі сайысты 1 орын иеленген отбасылар қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық додада Сыр елінің намысын қорғап, өз шаңырағының берекесін әйгілейтін болады.

????????????????????????????????????


????????????????????????????????????


???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>