«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер бұл қайырымдылық акциясын өткізуде белсенділік танытып келеді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балаларына оқуға қажет құрал-жабдықтарын алып беруге қала әкімдігі де атсалысты.

"Мектепке жол" акциясы

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы 2008 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Ал биылғы шара «Балаларға бірге көмек берейік» ұранымен өткізіліп жатыр. Қайырымдылық акциясына мұнай компаниялары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер де демеушілік жасауда.

Айдын Қайруллаев, Қала әкімінің орынбасары

Қала әкімдігінің бастамасымен бүгін 15 балаға барлығы 375 мың теңгенің мектеп формасы мен оқу құралдары алынып берілді. Бұл шара 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Майгүл Алмағамбетова, Ата-Ана

Қазір білім саласына мемлекет тарапынан қолдау көп. Жергілікті әкімді те білім сапасын арттыру үшін біршама жұмыс атқаруда. Қыруар қаржы қаралып, жаңа мектептер бой көтеріп жатыр. Биылдың өзінде 900 орындық екі білім ұясы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Тасбөгеттегі аппаттық жағдайдағы білім ошағының орнына жаңа ғимарат салынады деп жоспарлануда.

Салтанат Шаханова
Суреттер қала әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>