Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту

Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар мен құзіреттілік тәсілдер – табысты мектепке қадам» Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесін ұйымдастыру мен өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі шаралар жоспарына сәйкес кеше «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту: жаңа сапа және жаңа көзқарас» тақырыбында Республикалық форум өткізіледі. Аталған форумда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін жаңғыртуға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту, мектепке дейінгі білім беруді мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз етуде шағын және орта бизнестің маңыздылығы, мектепке дейінгі ұйымдарды салуда архитектуралық шешімдер, мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметтерін автоматтандыру мәселелері талқыланды
sadik2

sadik4

Форумға жеке мектепке дейінгі ұйымдар ассоцияциялары өкілдері, облыстық, Астана мен Алматы қалалары білім басқармалары басшылары, мектепке дейінгі ұйым басшылары, ЖОО оқытушылары, ата- аналар қауымдастығының өкілдері қатысты. Форум барасында қатысушылар қаламыздағы Мемлекеттік балабақшаларды аралап жаңа әдіс тәсілдерді зерделеп тәжірибе алмасты.
sadik

Форум барасында қ «Жаңа мазмұн – жаңа көзқарас» көрмесі және «Республиканың мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жетістіктер» бейнеролигінің таныстырылымы болды. «Балапан» бағдарламасының аясында ашылған, қазіргі таңда «Бегім Ана» балабақшасында 280 бүлдіршіндер тәрбиеленеуде. Арнайы мамандар кабинеттері заманауи талапқа сай жабдықталған, Монтоссори педагогикасы, логопед, электронды ойындар бөлмелері мен тағы басқа кабинеттердің қызметтерін форумға қатысушыларға көрсетті. Балабақшаның акт залында балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды
sadik3
Форумға қатысушылар қаламыздағы басқада балабақшаларды аралап, іс тәжірибесімен танысты.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>