Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын басшылыққа алған Сырдария аудандық білім бөліміне қарасты №139 орта мектеп өз музейлерінің ашылу рәсімін жасады. Салтанатқа мектепте өткен семинарға қатысушы аудан мұғалімдері, ауыл ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері және бұхаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты