Мүмкіндігі шектеулі жастардың клубы құрылмақ

Қала әкімдігінің қолдауымен және БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы мен Өркениетті Қазақстан қоғамдық бірлестігі арасындағы келісімнің негізінде «Мүмкіндігі шектеулі жастардың клуб қызметін ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба аясында қаладағы мүмкіндігі шектеулі жастарды арнайы құқықтық оқыту, психологиялық тренингтен өткізу, компьютерлік бағдарламалар мен жұмыс жасауды үйрету қолға алынады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жеңілдіктер мен оларға ағымдағы жыл көлемінде психологиялық жәрдем беру де жоспарланған. Сондай-ақ клуб мүшелері кәсіби білімдерін шыңдап, аталмыш саладағы әлеуметтік түйіткілді мәселелерді шешуде үлес қосып, қала көлеміндегі мәдени іс-шараларға қатыспақ.
сыр медиа 1
Жоба сауалнама негізінде жүзеге асырылып отыр. Қаладағы әзірге 30 мүмкіндігі шектеулі жас клуб мүшесі болуға ниет білдірген дейді ұйымдастырушылар. Жоғарыда аталған біліктілікті арттыру жұмыстарына 50 мүмкіндігі шектеулі жасты тарту көзделіп отырған көрінеді.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>