Мүмкіндігі шектеулі балалар қолөнер көрмесі

Тасбөгет кентінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында көрме өтті.Онда балалар ұлттық қолөнеріміздің бірнеше түрлерін үйрену бойынша,өнерлерін ортаға салды.Соңынан шараға белсене қатысқан балалар қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Ару-ана» қоғамдық бірлестігінің мадақтама грамоталарымен марапатталды.

«Тасбөгет кентіндегі «Ару ана» қоғамдық бірлестігі мүгедек балаларға қол өнер жұмыстарын үйрету бойынша көрме ұйымдастырды. Оған барлығы отыз бала қатысты. 9 жас пен 13 жас аралығындағы олар шара барысында халқымыздың тігін тігу,құрақ көрпеше құрау, сурет салу сияқты бейнелеуөнері және қолөнерден хабардар екенін танытты. Сонымен бірге шахмат дойбы сияқты спорттық ойындарды да жақсы білетіндіктерін көрсетті

Жақында «Ару ана» бірлестігі құрылғанына 15 жыл толды.Осы жылдар ішінде бірлестік түрлі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырып келеді. «Бүгінгі шуақ, ертеңгі шапағат» атты көрме солардың бірі. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар өз шығармашылықтарын дәріптеумен бірге ән салып, би биелеп көркемөнерге де құштар екендіктерін де байқатты.Балалар арасында үлкен өнер байқауларында бағын сынап жүрген өнерпаз-жұлдыздарда бар екен.

Шара соңынан белсенділік көрсеткен балалардың бір тобына қалалық ішкі саясат бөлімі мен «ару ананың» мадақтама грамотасы табыс етілді.

For example, you may need to write justbuyessay.com a few essays at once, and they are due within 2 weeks.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>