Конституция күні атап өтілді

Кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Биыл Қазақ Республикасының Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толды. Осыған орай елімізде көптеген іс-шаралар өтіп, Ата Заңымызға деген құрмет еселене түсті. Игі шаралар аймағымызда да жалғасын тауып, Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Конституция күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөз алып, әрбір қазақстан азаматының бостандығына кепіл болатын ҚР Конуституциясының маңызы жоғары екендігін атап өтті. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері бүгінгідей жетістікке жетуіне Ата Заңымыздың тірек болғаны аян. Осы мемлекеттік қасиетті тұғырына айналған Конституция күнімен аймақ басшысы Сыр халқын құттықтады.
Bekejanov 05
Мерекеге орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Сыр елінің 260 азаматы ҚР Конституциясының 20 жылдығы мерекелік медалімен мараппатталды. Марапатқа ие болғандар арасында қарапайым еңбек адамдары да жеткілікті. Олар татулықтың тірегіне айналған Ата Заңымыздың айбыны бүгінгі жетістікке жеткізді деп біледі.
Bekejanov 02
1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Конституция барлық қазақстандықтардың ой-пікірін есепке ала отырып жасалған құқықтық-саяси құжат болды. Бұл үдеріс Ата Заңға ерекше үстем күш беріп, оның әлеуетін арттырады. Осы заң бүгінде елдің еңсесің көтеріп, бұғанасын бекітті. Алдағы уақытта да Мәңгілік елмен бірге жасай бермек.
Ерқанат Сәрсенбай

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>