Кітап менің өмірімде

Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы демекші, жастарды кітап оқуға, білім алуына байланысты Белкөль мөлтек ауданындағы №14 кітапханада «Кітап менің өмірімде» атты «Букдатинг» кездесуі өтті.

библиотека

Халқымыздың ғасырлар бойы жинап , сақтап келген рухани мұрасы, мәңгілік қазынасы кітапты сақтаушы, ұрапаққа жеткізуші орын ол кітапхана.Соған орай қалалалық №14 кітапханада жалпыхалықты, әсіресе жастарды кітап оқуға, өздігінен білім алу мақсатында «Кітап менің өмірімде» аттыт Букдатинг кездесуі өтті. Кездесу кешінің басты кейіпкерлері өздері оқыған, әсерлі, өмірлеріне өзгеріс еңгізуге септігін тигізген үш кітапты оқырмандарға жеткізе айтып берді.Кештің ең қызықты кезеңі ол кейіпкерлер өздері оқыған кітаптарын алмастырып, бір-біріне оқуға ұсынды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ел тәуелсіздігінің ең елеулі көрінісі-рухани тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмесі өтіп, кітапхана жайлы арнайы слайд көрсетілді. Кітапхана оқырмандары «Кітаптар мұңы» атты тақырыпта өлең-жырларды жатқа оқып, әндер шырқады.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>