Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі

Әр жексенбі сайын шаһарымызда азық түлік бағасын тұрақтандыру бағыты бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде. Қала күні мерекесіне орай облысымыздағы Жаңақорған мен Жалағаш аудандарының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуымен Евразия спорт кешенімен Құлагер шағын ауданының көшелерінің бойында жәрмеңке ұйымдастырылды.
ярмарка 2
Есенов көшесінің бойында Еуразия спорт кешенінің алдында Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері арзан бағада сатылымға тізіліп қойылды. Өткізіліп жатқан жәрмеңкеге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайылап келіп аралап шықты. Не қажеттің барлығы жәрмеңкеде бар. Тазартылған ақ күріштен бастап, қазіргі уақытта тапшы боп тұрған құмшекерде базар ағасынан төмен бағада сатылуда.
ярмарка 4
Демалыс күні қала тұрғындарына арнап ұйымдастырылған жәрмеңкеде Жаңақорған ауданынан 25 миллион теңгенің өнімдері әкелінді. Жарты тонна балық өнімдері 350 теңгеден сатылды.
Сатып алушы қала тұрғындары көкөніс ,азық -түлік бағасы төмен, әрі қалаған заттарынды қаппен тасып алып кетуге ыңғайлы жерде орналасқан дейді
ярмарка 3
Жалағаш ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі Мұратбаев көшесінің бойына қойылды. Облыс әкімі бұл ауданнында өнімдерін көріп өнімдерді төменгі бағада сатуды талап етті
Ауданнан 125 көлікпен өнімдерін халыққа ұсынды.462 тн ауыл шаруашылығын өнімдері қойылды,жалпы соммасы 26 млн теңге дейді аудандық ауылшараушылық бөлім басшысы
Жалағаш пенЖаңақорған аудандарынан әкелінге ауыл шаруашылық өнімдерін қала тұрғындары риза. Жәрмеңкеде базар бағамынан 15-20 пайыздай төмен . Бұндай жәрмеңкелер легі желтоқсан айына дейін әр аптаның жексенбі күндері жалғасын таппақ

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>