Кент әкімі тыл адагерлерін құттықтады

Бүгінде белкентінде 160тан артық ардагері тұрады.Олардың жетуі тыл ардагері.Кешегі 1941-1945 жылдардағы қанды майдан жорық тұсында көбі елді мекендегі тұлымшақтары жебіреген қыздар болатын.Олар бозбалалар ұрыста отан үшін айқасса,бұлар мылтықсыз майданда еңкейген қариялармен бірге күні- түні бел шешпей еңбек етіп, жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Оларды жеңіс күні мерекесі қарсаңында кент әкімі Асхат нұрымбетов барып құттықтады. Айқын Әбіхалықова әженің туған жері қармақшы ауданы. Соғыс басталғанда небәрі төрт жаста ғана екен. Елдің бәрі туған отанын дұшпаннан қорғау үшін майданға аттанып жатқанда оның әкесі Әбжәли де кеткен.Төрт жыл қанды қырғында болған. Дұшпан оғынан қатты жарақат алса да құдай сақтап, алып елге аман келген,. Ал кішкентай қыз Айқын болса соғыс жылдары шешесіне қолғанат болып үй мен ұжымшар жұмысына етене араласқан. Бұл күнде өсіп өнген әулеттің тұтқасын ұстап отыр. Батыр ана.,еңбектері де елеусіз емес, омырауында бірнеше мемлекеттік марапаттары бар. Тәжігүл Бекенова әженің жасы бір кем сексенде, тыл ардагері. Өмірінше жалағаш ауданындағы мәдениет ұжымшарында белі майысып масақ терген.Түнде шешесімен бірге қолғап, шұлық тоқыған .Соңғы жылдары кіші баласымен бірге шаһар іргесіндегі белкентінде жасап жатыр.. Денсаулығы жаман емес. Маржанкүл қашқынбаева негізі арал ауданының тумасы. 1935 жыл дүниеге келген. Қазір сексеннен асып барады. Жалғыз ағасы Жұмабай соғысқа кетіп, оралмаған. Енді қайтіп соғыс болмасын дейді ол.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>