Көп болып көмектесейік

Екі баланың анасы балаларының жәрдемақысымен ғана күн көріп отыр. 24 жасар Валентина Пырлийдің не жұмысы, не баспанасы, қысқасы қолайлы өмір сүруге тиісті ештеңесі де жоқ.
Problema 02
Валентина-балалар үйінде тәрбиеленген. Ата-анасыз өскен жас мүрагерліктен ада. Баспанасыз болғандықтан пәтер кезегінде тұр. Алайда бүгін ертең ала қоятынына сенімі жоқ. Сондықтан кішкентай балдырғандарымен алыс саяжайдағы екі бөлмелі үйде іллалалап тұрып жатыр. Емізілулі баласы бар Валентина жұмыс істей алмайтын болғандықтан бар болғаны 17 мың жәрдемақымен күн көруге мәжүбір.
Problema 04
Қыс мезгілінде суық үйде тұру оңай емес. Амалсыздан бір жасқа толмаған сәбиін сәбилер үйіне тапсырған. Бес жасар қызымен екеуі қолға түскенді жағып, сарлқын үйде паналап жатыр. Әзірге қайырымды көршілері көмек қолдарын созуда. Азық түлік, киім-кешек, оны-пұнымен көмектеседі. Валентина балаларымен бірге осындай мейірімді жандардың арқасында ғана өмір сүріп келеді.
Problema 06
Саяжайдағы жағдайы жасалмаған құрқылтайдың ұясындай екі бөлмеде өмір сүріп жатқан жалғыз басты жас ана Валентина өзінің баспанасы болар күнді асыға күтеді. Қомқор жандар бір-күні болмаса, бір күні жақсылық жасар деген үміт құшағында жүрген ол балаларым жетімдіктің, қиыншылықтың зарын тартпаса екен дейді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>