Кәсіби біліктілікті арттыру

Қызылорда облыстық оқу орталығғы мен қалалық білім бөлімі бірлесе отырып №268 орта мектепте «Желілік қоғамдастық-кәсіби біліктілікті арттыру кепілі» атты семинар-практикум болып өтті. Мақсат: иновациялық мектептер мәртебесіне сәйкес білім беру ұйымын дамыту тетіктері және жетістікке жету жолдарын айқындау. Семинар-практикум бекітілген бағдаралмаға сай үш бөліктен тұрды. Оның бірінші бөлімінде бірінші сынып оқушалырмен ашық сабақ өтті. Онда «М дыбысы» және «Адамның дене мүшелері» тақырыптарындағы сабақтар және «жас биологтар» үйірмесі жұмыстары семинарға қатысушылардың назарына ұсынылды. Екінші сәтте «Мәңгілік ел» құндылықтары тәрбие үрдісінде «атты тақырыпты тарқату үшін «жұлдызды сәт» интелектуалды ойыны мен «Тіл ұстарту, сен есімнен өткенді қайталау» сақабақтары жүргізілді. Семинар жұмысын қорытындылар алдында ықшам сабақтар, диалогты оқыту және психологиялық тренинг өткізілді. Кеңестің жалпы тақырыбына орай желілік қауымдастықта магниттік мектептермен тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты-мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу шаралары жүзеге асты.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>