Күйші Дина Нұрпейісованың туылғанына 155 жыл

Облыстық филармония сахнасында ҚР Тәуелсілдігінің 25 жылдығы аясында қазақтың әйгілі күйші композиторы Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толуына орай «Күй Тәңірдің күмбірі» атты күйшілер концерті ұйымдастырылды.
Filarmonia 01
Дина Кенжеқызы Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Күйші Дина ата ана шаңырағында бұландап өскен , жас кезінің өзінде ақ Дәулткерей,Мүсірәлі, Байжұма сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, төңірегі домбыра қыз деп атап кеткен.Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осындай қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері Дина Кенжеқызының мерейтойы Республика көлемінде атап өтілуде.Облысымыздың өнерпаздары концерттік бағдарламада Дина әжеміздің туындыларын орындады.
Filarmonia 02
Бағдарламада Дина Нұрпейісованың Байжұма, Той бастар, Әсем қоңыр, Бұлбұл жәнеде тағыда басқа белгілі шығармалары домбыра мен қобызда ойналды.
Filarmonia 05
Дина Нұрпейісова домбырада ойнаудың әдіс тәсілдерін түгелімен меңгерген дәулескер күйші. Сонымен қатар сахнада Динаның өнер жолындағы жөн сілтер темірқазығы, ұстазы болған Құрманғазының Ақсақ Киік, Сарыарқа күйлері орындалды.
Filarmonia 04
Filarmonia 03

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>