ІІД қызметкерлері ұжымдас нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтады

8 наурыз- халықаралық әйелдер, қыз келіншектер мерекесіне орай ОІІД-нің үлкен мәжіліс залында жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне мерекелік іс шара өтті.
dvd_Aidos
Шарада мереке иелерін арналып бейне ролик көрсетіліп, құттықтаулар айтылды. Полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандыларды құттықтау үшін ҚР Ішкі істер министрінің құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, министр Құлмұхзаммед Қасымовтың бұйрығымен өз қызметті міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз келіншектері құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.
dvd_Aidos02
Сонымен қартар шара барысында жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ішкі істер органдарында халықтың мүддесі үшін көп жылдар бойы қажымай еңбек етіп ішкі істер органдарынан құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткер апалардың құттықтауы, естеліктері, айтар ақыл кеңестері тыңдалды. Шараны ұйымдастыруған ер азаматтар жүрек жарды мерекелік тілектерін жеткізді.
dvd_Aidos01
Ерлермен бір қатарда жұмыс істеп келе жатқан әйелдер қауымына, отбасының ұйықтысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, махаббаттың, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, тілектер айтылды.
dvd_Aidos03

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>