Еш кеткен еңбек

Желтоқсан көшесі 154/1 нөмерінде орналасқан 2015 жылдың қазан айында ашылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық «Миниса Үміттің» қызметкерлерінің жалақасын алмағандықтарына да 7 ай болған. Құзыретті орындарға арыз жазған, алайда нәтиже аз екен. Ен әуелі ашылған уақытта 35 қызметкермен қамтылу керек мекемеге күз мезгілінде басшысы 28 ден аса жас мамандарды жұмысқа орналастырады. Жалақы көлемі келісім бойынша ең аз деген сома 50 мың теңгеден басталатын болып бекітілген екен. Аспазшы, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, түнгі бала күтушісі қызметтеріне орналасқан жас мамандарға зияндылығы үшін үстем ақы да төленеді деп сендірген. Алайда зияндылығы туралы үстем ақы былай тұрсын, өздеріне тиесілі жалақыны ала алмай жүргеніне не дерсіз? Рабат Өтепова 27 жаста. Еңбек демалысынан кейінгі бұл алғашқы жұмысы. ДЦП, сал ауруына шалдыққан балақайларды көргенде жұмысқа өздігінен еріксіз келесін дейді. Бір көмегім болсын, осы балалар аяққа тұрып кетсе екен деген арман жетегінде жүріп 7 ай уақыттың қалай өткенін білмейде қалыппыз. Мұндай нарық заманында, жағадан қаржы қажеттілігі қысқан уақытта амал жоқ еткен еңбегіміздің ақысын сұрауға мәжбүрміз деседі. Құзырлы органдарға бұл туралы арыз жазып, талай есікті қағудан шаршаған қызметкерлердің біразы өзге жерлерге жұмысын ауыстырған.Ал студент Арайлым жазғы уақытта азын аулақ болсада қаржы табуды көздеген алайда бұл ойынан түк шықпады.Кешкі уақытта түнгі бала күтушісі болып қызмет жасаған Арайлымнан мекеме жандануы үшін деп алынған 100 мың теңгесіде қайтарылмаған. Өзі қаржы беріп, тегін еңбек етіп,жалақысын ала алмаған Арайлым «Миниса Үміт» орталығының басшысы енді қанша адамды осылайша жылатып, көз жасына қалмақ неге жазаланбайды деп ашынады. Кеткен уақыт, жасалған еңбек, берілген қаржының өтемақысын кім өтемек? Бәлкім жауапты мамандар шешімін айтар.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>