Электронды некеге тұру жүзеге асуда

 

Иә, отбасын құру мемлекеттік маңызы бар іс.   Жаңадан құрылған әрбір отбасы — мемлекеттің берік  тірегі,  ұлттың болашағы, келер ұрпақтың тұғыры.  Әрбір құрылған  жаңа отбасы  еліміздің демографиялық  өсуінің зор кепілі. Сондықтан да біз, Халыққа қызмет көрсету орталығына өз некелерін заңдастыру үшін өтініш бере келген  азаматтарды қуанышпен қарсы аламыз.  Бүгін Қызылорда қаласының № 3 бөліміне Төлеген мен Айдана есімді екі жас  некелерін тіркеуге өтініш беру үшін келді. Олар «Электронды үкімет» порталы арқылы жылдам өтініштерін тіркетіп, «Мемлекеттік қызметті алудың мұншалықты жылдам алынатындығын білмеппіз, некені тіркеуге  электронды өтініш беру  өте ыңғайлы екен,   тіпті үйден шықпай-ақ   өтініш қалдыруға  болатыны  біз сияқты жаңа отбасын құрған жастарға өте тиімді екен» деп өз ойымен бөлісті.

clip_image002Отбасын құрғысы келетін жастарға айтарымыз, қазіргі таңда некеге тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Неге тұруға ниеттенген әрбір азамат еш кезексіз «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына» келіп электронды нысандағы өтінішті қалдыруына болады. Өтініш беру Электронды цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. «Электронды Үкімет» порталы арқылы некені тіркету үшін азаматтың бұрын некеде болмауы және некеге тұратын жастар екеуі де келуі қажет. Некені тіркеу ақылы негізде жүргізіледі.  Неке туралы куәлік  өтініш берген күннен бастап 30 күн ішінде  дайын болады. Сонымен қатар екінші рет некені тіркеу үшін  порталда өтініш қабылданбайтындығын ескере жүру керек.

Ал біз ұжым тарапымыздан Төлеген мен Айданаға бақыт пен баянды ғұмыр тілей отырып, азаматтарды   «Электронды Үкімет» порталы арқылы некеге тұру мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз.

 

Поделиться:

Автор Uitolgan Zharekeeva

2004 жылдан бері Қызылорда қоғамдық телеарнасында тілші.Қоғам тв эфиріндегі Аптаның алты ауызы ақпараттық сараптамалық бағдарламасының және Мезгіл мәселесі хабарының редакторы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>