Ел ардақтысы

Аймағымыздың экономикасын дамытып, ауылшаруашылғының өркендеуіне өзінің біліктілігімен де, білетіндігімен де орасан үлес қосқан ел азаматтарының бірі-Қозтай Әбуов еді. Сырдария ауданының орталығында ардақты еңбек майталманының туғанына 85 жыл толуына орай еске алу кеші болып өтті.
Syrdaria 01
Біздің өңіріміз негізінен ауылшаруашылығы аймағы. Оның ішінде ел ырысы атанған Сыр салысын егуде өзіндік ерекшеліктері басым. Республика бойынша бірден-бір күрішті аймақ атануымызға осы салада еңбек етіп, судың тілін, дақылдың түрін білетін даңғайыр дихандарымыз, өз ісінің білгілі болған майталман мамандарымыз, осы саланы ұйымдастыруда ерен білгірлік көрсете білген басшыларымыз өз үлестерін қосты. Олар Сыр елінде көп. Айрықша атап айтатын мақтаныштарымыз да бар.
Syrdaria 02
Алғашқы еңбек жолын облысымыздың бұрынғы Тереңөзек, қазіргі Сырдария ауданының «Шаған» елді мекенінде орналасқан тарихы терең «Аламесек» МТС-інде агроном болып бастаған Қозтай Әбуов біліктілігімен көзге түсіп қызмет сатысымен жоғарылады. 1961 жылы бірнеше колхоздарды біріктіру негізінде републикада бірінші ұйымдасқан «Тереңөзек», қазіргі «Шаған» күріш совхозының директоры болды. Осылай өзі де өсті, күріш өндірісін дамытуда республикадағы алғашқы шаруашылықтың негізін де қалады.
Syrdaria 03
Өңіріміздің көптегін ірі шаруашылықтарын басқарумен қатар облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, Қазалы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған, екі рет «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордандерімен, мемлекеттік медалдармен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің гармоталарымен марапатталған Қозтай Әбуов аудандық. Облыстық және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары болды. Бұлардың бәрі оның елі үшін жасаған қалтықсыз қызметінің, ерен еңбегінің өлшемі еді.
Syrdaria 04
Syrdaria 05
Syrdaria 06
Syrdaria 07

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>