Достық үйі ашылды

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсанында қаламыздың орталығында орналасқан бұрынғы Ыбырай Алтынсарин атындағы кинотеатры қайта жөндеуден өткізіліп әртүрлі этнос өкілдерінің «Достық үйіне» айналды. Салтанатты шараның ашылуына аймақ басшысы қатысып, еліміздегі этносаралық татулық пен бірлік Елбасының ұстанымы екенін жеткізді.
Dostik_Ui01
Зиялы қауым мен студенттердің қатысуымен салтанатты шараның ашылуы болды. Лента қию рәсімі өткеннен соң, барлық ұлт өкілдері қуанышпен табалдырықтан аттап, құт орынға айналсын деген ниеттерін білдіріп жатты. Келген қонақтар алғашқы танысуларын облыс әкімі Қырымбек Елеуұлымен бірге жоғары қабатта орналасқан конференция залындағы көрмені тамашалаудан бастады. Көрмеге әр этностың ерекшелігін, салт дәстүрін көрсететін бұйымдар мен әшекейлер қойылған. Салтанатты шара 260 орынға арналған концерттік залында жалғасты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұртшылықты жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, Ассамблея жылында белсенділігімен көзге түскен бірқатар азаматтарды марапаттады
«Достық үйі» этносаралық татулықты ,достықты қатайтуға арналған ғимарат, әрі саяси әлеуметтік алаңға айналмақ. Еліміздің түпкір түпкірінен жиналған зиялы қауым өкілдері құттықтауларын жолдап жатты. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары хатшылық меңгерушісіне сөз беріліп, келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығымен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің түп тірегі Достық үйі екенін баса айтты
Ералы Лұқпанұлы Сыр еліне еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық төсбелгісін табыс етті
Марапат иелері және әр этнос өкілдері облысымыздың Ассамблея төрағасы Қырымбек Көшербаевқа алғыстарын және ризашылықтарын білдірді

Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді үндейтін ғимаратқа облыстық этномәдени бірлестіктер мен облыс әкімі аппаратының Қоғамдық келісім мекемелері орналасатын болады. Мерекелік шара әр ұлт өкілдерінің көркемөнерпаздарының концертімен жалғасын тапты

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>