Достық қонақ үйі пайдалануға берілді

Қала күні Шаһмардан Есенов көшесі бойындағы Еуроазия спорт кешені жанынан «Достық» қонақ үйі пайдалануға берілді. Оған облыстың , қаланың бірқатар басшылары қатысып, үй иесіне құтты болсын айтты. Құрылысы осыдан екі жарым жыл бұрын басталған Достық қонақ үйіне небары 500 миллион теңге жұмсалған.Бұл көркем нысан үшін Шалғынбаевтар әулеті әуелі «Даму» қорынан 175 миллион теңге несие алған.Ол жетпегенсін қалғандарын өздері есептерінен салып бітірген. Кешен кеше қала күні пайдалануға берілді . Үшқабатты «Достық» қонақ үйінің екінші, үшінші қабаттарының отызға жуығы жатын бөлмелер .Қалғандары шағын — кафе, мейрамхана сосын келген қонақтар тыныс алатын дем алыс, жуынып- шайынатын сауна тағы басқалар.Мұнда келіп кетушілерге жиырма шақты қызметкер зыр жүгіріп жұмыс істейді. Жлапы іште барлық жағдай жасалған. Жиырма жылдан бері бизнеспен айналысып келе жатқан шалғынбаевтар әулетінің ел үшін істеген игілікті ісіне жиналған қала жұртшылығы,алғыстарын айтып,ақ баталарын берді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>