ДИҚАНШЫЛАР ДӘРГЕЙІ ДӘРІПТЕЛДІ

Ел  егінін орып, қамбаға  құйып  жиын-терін аяқталысымен  дәстүрлі алтын күн мерекесінің өтуі  заңдылық. Сенбі күні  Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма  театрында  аймақ басшысы  дән  дестесін отан ырыздығына айналдырған диқаншылар қауымын марапаттады.

Bekejanov 01Сыр дихандары биылғы жылды  толағай  табыспен аяқтап отыр. Күріштің әр гектарынан 50,5 центнер өнім жинап, ел қамбасына 423 мың тоннадан астам астық құйды. Бұл рекордтық көрсеткіш соңғы 3 жыл бойы қатарынан қайталанып отыр. Шіліңгір шілденің аптабында иықтарынан  кетпені  түспеген диқаншылар қауымын алдымен  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  құттықтады.- Халықта несібесі мол елдің егіні бітік шығады деген сөз бар. Кеше ғана Сыр дихандары ала жаздай күтіп баптаған егіндерін жинады. Биыл да егіншілеріміз мол өнім алып, үшінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткіш берді. Соңғы жылдары облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. — деді аймақ басшысы.

Bekejanov 03Аймақ  басшысы ең  сенімді валюта азық-түлік деп атап өтті. Бұл орайда   сыр еңбеккерлерінің үлесі  қомақты. Сондықтан мерекелік құттықтаудан соң  марапаттау  рәсімінде   уақытты тиімді пайдаланудың, агротехникалық шараларды қатаң сақтаудың арқасында  ысырапсыз науқанды аяқтаған  аудандар  марапатталды.«Мал шаруашылығы бойынша озат аудан» – Арал ауданы, «Егін шаруашылығы бойынша озат аудан» – Сырдария ауданы, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша озат аудан» — Қазалы аудандары  деп  танылса, егіні бітік шыққан Жалағаш ауданы науқан қорытындысы бойынша «Үздік» деп атанды.

Жалпы аймақ басшысы облыстың ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын 24 түрлі номинациямен марапаттап, заттай сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар салтанатты жиында Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық күріш өндіруші және қайта өңдеушілер ассоциациясының төрағасы Абзал Ералиев Елбасыға арналған  сыр еңбеккерлерінің үндеуін оқыды.

Bekejanov 04

Бүгінгі  мерекелік шараға Байқоңыр қаласынан арнайы  делегеттар  да қатысты. Байқоңыр  қаласының әкімшілік басшысы Анатолий Петренко  ауылшаруашылығы саласының саңлақтарын  құттықтап, бірқатар аудан басшыларының төсіне Байқоңырдың 60 жылдығы  медальін тақты. Шара соңы  облыс  өнерпаздарының шауына ұласты.

Поделиться:

Автор Самат Баймаханов

Редактор телерадиокомпании "Қоғам ТВ"

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>