Департамент басшысы пара алғаны үшін сотталды

Бұрынғы Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Әділхан Ысқақов пара алғаны үшін сотталды. Кеше Қызылорда қаласының №2 соты оны кінәлі деп тауып, 39 млн теңге айыппұл салды. Ал оның сыбайласы Сырдария аудандық Қазынашылық басқармасының бұрынғы басшысы Жарылқасын Дайрабаев та жазасыз қалған жоқ. Ол департамент басшысының қарамағындағылардан пара алуына көмектескені үшін 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.

SOT_erkanat01

Сот залында сөз алған екі айыпталушы да кінәларын толық мойындады. Өз істерін білместікке санап, өкінетіндіктерін жеткізді. Осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет жасағандарын, облыс әкімінен бірнеше рет марапат алғандарын айтып, соттан жазаны жеңілдетуді де сұрады. Ал Сырдария аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Жарылқасын Дайрабаев зейнеткерлікке шығуына екі күн қалғанын сотқа білдіріп, тіпті істі қысқартуды да өтінді.

SOT_erkanat02

Екі айыпталушының бірі пара алған, ал екіншісі пара алуға көмектескен. Яғни, делдал болған дейді судья. 2010 жылдың қазан айында Сырдария ауданы бойынша Қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметі босаған уақытта департамент басшысы Әділхан Ысқақов аудандағы басқарма басшысы Жарылқасын Дайрабаевқа білікті маманды ұсынуды талап етеді. Басқарма басшысы бос тұрғын лауазымға бас маман Пірімбетовты ұсынған кезде, департамент басшысы одан 180 мың теңге талап етеді. Дайрабаев Пірімбетовтен ақшаны алып, департамент басшысына бергенмен, уәде орындалмайды. Бұл әрекет 2012 жылы тағы қайталанып, пара көлемі 600 мың теңгеге өседі.

 Осылайша бір емес екі рет алданған бас маман Пірімбетов ақыры қаржы полициясына шағымданады. Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Ысқақов пен Сырдария аудандық басқарма басшысы 2015 жылы құрықталды. Екі айыпталушының да кінәсі дәлелденіп, сот шешімімен екеуіне де жаза тағайындалды. Департамент басшысы Ысқақовқа 39 млн. теңге айыппұл салынса, басқарма басшысы Дайрабаев 1 жылға бас бостандығынан шектетілді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>