ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Қызылорда медициналық колледжінде денсаулық сақтау саласының ардагері, Сыр медицинасына өлшеусіз үлес қосқан дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Ернияз Омаровпен кездесу өтті. Ардагер бүгінде 85 жасқа толып отыр. Денсаулық саласының үздігін құттықтау үшін осы саланың майталман мамандарымен қатар болашақ денсаулық сақшылары жиналды. Өз еңбек жолын 1961 жылы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып бастаған Ернияз Омаров 15 жыл қалалық ауруханананың бас дәрігері болды.   Одан кейін осынша жыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. Өлшеусіз еңбегі лайықты бағаланып 2002 жылы «Қызылорданың құрметті азаматы» атанса, жыл өткен соң «облыстың құрметті азаматы» болды

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>