Денсаулық фестивалі жалғасуда

Облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан Денсаулық фестивалінің екінші күні қалалық мәдени — демалыс паркінде болып өтті. Мұнда жастар заманауи билер бойынша бақ сынасты. Сайыс нәтижесі 11 маусым күні қорытынды шарада жарияланатын болады.

фестиваль здоровья

«Біз – саламатты өмір салты үшін!» ұранымен облыс көлемінде «Денсаулық Фестивалі -2016» кең ауқымды акциясы өтіп жатыр. Осы апталық барысында түрлі жоғары деңгейдегі шаралар ұйымдастырылуда. Фестивальдің екінші күнінде қалалық мәдени — демалыс паркінде жастар арасында заманауи би сайысы өтті. Мұнда жастардан құралған 11 топ «Хип-хоп», «Арен би», «Экшн», «дабстеп», «брекданс» билері бойынша сайысқа түсіп бақ сынасты. Бір айта кететіні олар кәсіби бишілер емес. Сөйте тұра бишілерден кем билеген жоқ. Сайыс нәтижесі 11 маусым күні өткізілетін қорытынды шарада айтылып, жеңімпаз топқа бағалы сыйлықтар табысталады.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>