Денсаулық фестивалі аясында өткен жарыс

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан денсаулық фестивалі биыл да өз шараларын бастады. Бүгін мұз айдыны сарайында 14-15 жастағы балалар арасында күрестен жарыс ұйымдастырылды. 7 ауданнан келген және Қызылорда қаласының балуандары өзара бақ сынады. Өз аудандарының абыройын қорғаған жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Жалпы, денсаулық фестивалінің басты мақсаты — салауатты өмір салтын қалыптастыру. Елбасымыз «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген еді. Осы бағытта саламатты өмір салтын ұстануға қоғамның, бұқара халықтың назарын аудару, өз денсаулығына деген жауапкершілін арттыру бүгінгі күннің басты міндеті. Фестивальдің Сыр өңірінде ашылуы сенбі күні өткізілмекші.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>