Брифингте Экспо-2017 дайындық айтылды

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшылары БАҚ өкілдерімен коммуникациялар орталығында брифинг өткізді. Онда « ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық туралы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалды. Алда ел өміріндегі елеулі оқиға «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық біздің аймағымызда да қызу қарқынмен жүруде- деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Мирас Төлебаев. . .Алдын ала болжам бойынша өңірімізге 5 мыңнан астам туристер келмек.Олар үшін 7 туроператор арнайы таңдап алынған. Туристер қорқыт ата кешенін,байқоңыр ғарыш айлағын араламақ. Сонымен бірге сыр өңірінің басқада тарих- мәдени ескерткіштеріне саяхат жасаулары мүмкін. Көрме күндері оларға жоғарғы оқу орындарының шет тілін меңгерген әсіресе, ағылшын тілін жетік білетін аудармашы студенттерінен құралған жастар волонтерлік қызмет етпек.Осы күнге дейін бас шаһардың көрнекті жерлеріне 26 билборд ілдірілген.Кызметтің сапалы болуы үшін белгиялық бір компаниямен бірлескен меморандумға қол қойылған.Сондай-ақ Хоргос-алматы-тараз-шымкент-туркістан-қызылода-байқоңыр –астана бағыттары бойынша туристік пойыз ұйымдастырылмақ.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>