Болашақ колледжінде ашық есік күні өтті

«Болашақ» университетінің колледжі 2016-2017 оқу жылына мектеп түлектерінің мамандықты дұрыс таңдау жасауына кәсіптік бағыт бағдар беру мақсатында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Аталған шараға қалалық орта мектептердің, мектеп-лицейлердің оқушылары, мұғалімдері және ата-аналары қатысты.

Болашак

Ашық есік күні барысында оқушылар колледждің мұражайымен танысты. Мектеп оқушыларына «Талапкер – 2016» презентациясы көрсетіліп, болашақ талапкерлерге техникалық, педагогикалық, гуманитарлық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша ақпарат берді. Сонымен қоса оқуға қабылдау ережелері таныстырылды. Іс-шара барысында заманауи оқу құралдарымен жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалары, кітапхана, спорт зал және студенттер жатақханасы көрсетілді. Іс-шараны колледж директоры Досжанова Шара Абдулатифқызы ашып, колледждің тынысы, колледжде даярланатын мамандықтар туралы айтып, мектеп бітіруші түлектерге мамандықты дұрыс таңдау жасауларына өз тілегін білдірді. Колледж қабырғасында білім алып, қазіргі таңда өз білімдерін тәжірибемен ұштастырып жүрген осы оқу орнының түлектері Жайманова Наргиз, Кауменов Нұрлан және Үсенова Нұрғанымға сөз кезегі беріліп, өздерінің таңдаған мамандықтары туралы баяндады. «Ашық есік күні» мектеп түлектеріне колледж студенттерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт қойылып, буклеттер таратылды.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>