Болашақ кәсіпкерлерге арнап семинар өткізілді

«Кәсіпкерлікті бастау мен жетілдіру және мемлекеттік қолдау» тақырыбында семинар Қызылжарма ауылдық округінің мәдениет үйінде болды. Оған ауылдық 9 кент және округтердегі кәсіпкерлер мен қалалық мәслихаттың бірқатар депутаттары қатысты. Осы жылдың 20 маусымы күні өткен қалалық мәслихаттың кезекті 4-ші сессиясында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды ауыл тұрғындарына түсіндіру шараларын ұйымдастыру туралы мәселе көтерілген болатын. Осыған орай, қалалық мәслихат облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында семинар өткізді. Кәсіпкерлікті бастау мен жетілдіру және мемлекеттік қолдау жайы талқыланды. Қалаға қарасты 9 кент және ауылдық округтердің кәсіппен айналысқысы келетін тұрғындары келді. Алдымен кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне қатысты және кәсіпкерлік палатасының ауқымды жұмыстары жайында баяндама жасалды. Мұнан соң, «Кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар тақырыбында облыстық кәсіпкерлік палатасының бизнес жатықтырушысы ауылда кәсіп ашқысы келетіндерге кеңестер айтып, олардың сауалдарына жауап берді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Біздің экономикамыздағы кәсіпкерліктің үлесі қаншалықты көп болса, елдің дамуы да соншалықты тұрақты болады. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жасалып отырған мүмкіндіктер мен жобалар өте ауқымды. Сондықтан осы мүмкіндіктерді пайдаланып, өз кәсіптерін дамытуымыз қажет.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>