Бірлескен отырыс өткізілді

Достық үйінде Нұр Отан партиясы мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттарының бірлескен отырысы өткізілді. Кездесу барысында дағдарысқа қарсы өзекті мәселелер және оның шешілу жолдары талқыланды. Бірлескен отырысқа Нұр Отан партиясынан ғана емес, Ақ жол, Ауыл партияларының мүшелері қатысты. Басты тақырып «100 нақты қадам» ұлт жоспары, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларындағы атқарылатын жұмыстар пысықталды. Құрылыс және инфорқұрылымның дамуы жағынан біздің өңір республика бойынша 5-ші орында. Облыстағы халықтың санының аздығына қарамастан даму қарқынды. Әлеуметтік нысандар құрылысына мемлекет қазанынан 82 млрд тг қаржы аударылмақ. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың басты назарға алғанындай, жыл санап білім алушы оқушылардың деңгейі өсіп келеді екен. Ресейлік профессорлардың аузынан Мәскеу, Санкт Петербургте білім беру бағдарламалары бойынша оқып жатқан қызылордалық студенттердің білімпаз екендіктерін естігенде мақтаныш сезімі ұялайтыны рас. Алқалы басқосу соңында салтанатты шара өтті. Әр түрлі сала өкілдерін Нұр Отан партиясына қабылдады. Оларға партия билеттері тапсырылды.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>