Батпаққа батқан көше

Наурыз көшесіндегі 30 үйде, 150 адам қоныс тепкен. Толассыз нөсер жауын шашыннан кейін батпақтан аяқ алып жүре алмай қадажы. Алды 25 жыл бойы осы көшеде тұрып келе жатқан халық өз көшелерінің осы келеңсіз көрінісінен қашан құтылар екенбіз дейді. Қазақтың әр отбасында кем дегенде 2-3 баладан бар. Бүлдіршіндері мектепке лай кешіп, қиындықпен барады. Аяқ киімдері, үстілері былғанатыны белгілі. Бұдан бөлек жедел жәрдем шақырса көшеге кірмей басында күтіп тұрады деуде тұрғындар. Наурыз көшесінде қоғам дамуына, өркендеуіне үлес қосқан зейнеткерлер, әр топтағы мүгедектер тұрады. Тұрғындар амалсыздан өз қалталарынан шығарып, құм төсеп көшенің ең болмағанда шетімен жүруге жағдай жасап қойған. Көршілес орналасқан көшелердің жағдайы осы. Көшелеріне тас жол төселіп Ақ түйенің қарны жарылған күн қашан болады екен деп армандауда. Қолынан келетіндер көшенің мәселесіне немқұрайлы қарамай, ең болмағанда қиыршық тастар төсеп берсе деп сұрауда көше тұрғындары.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>