Баласына бауырына басуға зар болған Ана

Қалалық сот залында неке бұзу және ортақ некеден туған баланы анасына қайтару туралы соттың шешімі шықты. 4 айдан асты Салтанат өз қанасынан шыққан баласын көре алмай жүр. 1 жарым жастағы Нарханым әкесінің қолында.

сот развод 1

22 жастағы Салтанат жұбайы Нұрлан Ахановпен отасқандарына 4 жыл болған. Ортақ некеден дүниеге келген Нарханым атты 1 жарым жастағы қыз балалары бар. Олар отбасында кикілжің орын алғана соң әрі екеуара тіл табыса алмағандықтан ажырасуға сотқа арыз берген. Талапкер Салтанат кезекті бір ұрыс жанжал кезінде баласын тастай сала, үйден қашып шыққан екен. Содан бері қызын көре алмай, бауырына баса алмай, маңдайынан иіскеуге де зар болып жүр. Әкесі және әкесінің анасы кішкентай Нұрханымды бергісі жоқ. Көрсетпейді дейді.

сот развод 3

Сот процесінде Салтанат ең алдымен баламды өзіме қайтарыңызшы деп жалынып, жылаудан көзі құрғамады. Оқиғаның болғанына да міне, 4 айдан асып барады.
Ал жауапкер өзінің жұбайы 26 жастағы Нұрлан Аханов болса сотқа катыспай, істі өзінің сенімді өкіліне сеніп тапсырған. Әрине сот отырыста қорғаушы отбасын сақтап қалуға тырысатындықтарын жеткізді. Сондай ақ, баланы әкенің тәрбиесінде қалдыруды сұрады. Сот 1 ай бойы істі қарап, өз шешімін шығарды.

девушка

Бала анасына қалдырылсын деді. Алайда, 15 наурыз күні шешім шығарылса да, 1ай мерзім күтуге мәжбүр. Ана баласын зарыға күтуде. Бірақ дәл аяулы анасындай Әке өз мейірімін төгер ала ма? Бүгінгі қоғамның басты жан ауыртар мәселесіне айналып келеді осындай жағдайлар. Иә, кезінде Нұрлан мен Салтанат бір жыл емес, бірнеше жыл кездесіп, өздерін біліп танып, үйленді. Бірақ, үй болудың қиындығына шыдамай екі ортада бала қиындықтың құрбаны болып қиналып қалғаны обал ақ. Осындай оқиғалар жиі орын алатын көрінеді. Сот орындаушылар талай отбасының есігін қаққан. Салтанат сот процесінде дүние мүліктің де, алименттің қажет еместігін айтып, жылады. Оған тек өз баласы керек. 1 жарым жастағы қызы Нарханымды сағынады. Әр күнін күтіп, әр сағатын сағынышпен өткізіп жүрген Ана зарына құлақ түрер жан бар ма екен?

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>