Балалар ауылында Наурыз мерекесі тойланды

«Атамекен» балалар ауылында Наурыз мерекесі ұлықталды. Тәрбиеленушілер үлкен ағаларынан бата алды.

atameken01
Ұлыстың ұлы мерекесі саналатын Наурыз бір айға дейін созылады. Бір ай бойы мереке ұлықталып, салт дәстүрлер жаңғыртылады. Осындай шара «Атамекен» балалар ауылында ұйымдастырылды. Науырз көже пісіріліп, қазақтың ұлттық тағамдары дастарханға қойылды. Балалар да қарап қалмай, өз өнерлерін көрсетті. ән айтылып, Наурыз жайы жырланды.

Балаларға беретін тәлім тәрбиелік мәні зор мұндай шаралар балалар ауылында ұдайы өткізіліп тұрады. Ең бастысы біз үлкендерден бата аламыз дейді осы орданың тәрбиешісі.

Көктем келіп табиғат Ана жасарып, күн мен түннің теңелер кезі. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жат бітіп, жасаратын шақ. Осындай мезгілде Наурыз мерекесін тойлау да осындай қасиеттілігінде жатса керек. Ендеше, мереке осы ауылдың тұрғындарына да құт боп енсін. atameken

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>