Балалар қуанышы

Биылғы жылы 20 жылдықтарын тойлаған «Шапағат» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы өз қамқоршылары «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» Акционерлік Қоғамына жасып берген ертеңгілітері үшін ризашылықтарын білдірді. «Шапағат» оңалту орталығының мамандарының мақтаныш тұтатындары оңалтып қатарға қосқан балаларының өз қатарларымен қатар мектеп партасына отырғандары. Өйткені орталықта балаларды сауықтыруға барлық жағдай жасалған. Бұлардың бәрі петроқазақстандықтардың қамқор пейілдерінің арқасы. Жаңа Жылдық ертеңгілік Роза бағланова атындағы орталық мәдениет үйінің кең фоэсінде ұйымдастырылды. Каранвалдық киім киген балалар жасыл шыршаны айнала ән салып, би биледі. Балалармен бірге Аяз Ата мен Қарша қыз және көптеген ертегі кейіпкерлері думанды қыздыра түсті. Мұнайшылар сыйға әкелген әр түрлі ойыншықтар мен тәттілерді балалар қуана қабылдады. Бұл сыйлықтар, ағалары мен апаларының көңіл бөлуі балаларды онан сайын оңалта түсері сөзсіз.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>