Балабақшадағы әдістемелік күні

Қаламыздағы мектепке дейінгі жекеменшік мекеме «Әл-Сабыр» балабақшасында  бесінші аймақ әдістемелік бірлесігінің бағдарламасына сай іс-шара күні өткізілді. Негізгі мақсат: балабақшадағы үш тілді оқытудың барысын көрсете отырып, тәжірибе алмасу, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Егер біздің балаларымыз үш тілде қатар сөйлесе, бұл біздің елімізді күшейтіп, болашаққа сенімімізді артырады» деген еді үш тілділікті қалыптастыруды балабақшадан бастау туралы. Осы ағалық тілекті алдарына мақсат етіп қойған қаламыздағы «Әл-Сабыр» балабақшасы өз балдырғандарын үш тілде оқып сөйлеудің әліппесін үйретіп, жақсы жұмыстар атқарып келеді.

№5 әдістемелік аймақтың Қалалық әдістемелік күніне орай «Әд-Сабыр» балабақшасы ұтымды бағдарламалар дайындаған. Бұл бойынша балабақшада дәстүрге айналып қалыптасып үлгірген балаларды орыс және ағылшын тілінде оқытудың өзіндік методикасы көрсетілді.

Әдістемелік күнге келген қонақтарға балабақша балалары «Қатынас» саласы бойынша өз білгендерін, білімдері мен үйренгендерін көрсетті. Олар төрт топқа бөлініп, орыс  тіліндегі екі топ «Тіл дамыту» оқу қызметі бойынша, қазақ тіліндегі екі топ «Ағылшын тілі» бойынша өз білімдерін талғам таразысына тастады.  Балабақша  тәрбиесіне ата-аналар дән риза.

Әдістемелік күннің негізгі міндеті: балалардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін: баланың дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдардың меңгеруге байланысты ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіншіліктерін пайдалану болса «Әл-Сабыр» балабақшасы бұл үдеден шықты.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>