Бала ауыр хәлде

Біз «Шарайна»жаңалықтар топтамасының өткен бір санында Белкөл кентінің тұрғыны Әлия апайдың сал ауруға шалдыққан баласы жайлы бейнесюжет көрсеткен болатынбыз. Анасы қазіргі кезде баласының ауыр науқасымен қатар асқа деген тәбеті де қашып, жарытып тамақ ішпеген баласының жағдайы анау айтарлықтай емес екенін жеткізді.

Dcp_bala 03
2011 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген Бекжан бүлдіршін іштен сал болып туған. Баланың асқазанында бактериялар көбейіп кеткеннен дәрігерлер диета отыру керек деген анасына.Жаңа жылдың алдында жоғарғы қабаттағы пәтердің құбыры жарылып, төбеден су кетіп, ауру бала тұрып жатқан үй жарықсыз қалған. Сулы, ызғарлы қабырғадан электр желісі қысқа тұйықталып қала беретін болған. Осындай қиын күн кешіп келе жатқан Әлия апай үш баласымен және ауыр халдегі сал ауруына шалдығып күннен күнге азып бара жатқанын ауру балдырғанымен келешектен үмітін үзбей күн кешуде.
Dcp_bala 02
Балаға қажетті вертикилизатор аппаратымен ем алуға арналған корсеттерді сатып алуға Әнәпия мен Гүлнұр есімді көршілері өз қаражатынан көмек беруде дейді анасы. Біздің жаңалықтарымызда былтыр көрсетілгеннен жандары жомарт бір екі адам жәрдемдескен. Бекжанды Алматыдағы орталықтардың біріне апарып толық медициналық тексеруден өткізіп, денсаулығын жақсартуға бұл қаржылар аздық етіп түр.
Dcp_bala 05
Өмірдің қиындығына мойымай күресіп отырған Әлия анамыздың жалғыз ұлына немқұрайлы қарамай, көмек қолын созайық ! Қайырымдылық танытқысы келетін жандар болса экранға жазылған нөмерлерге хабарласуларыңызға болады.
Анасының Қазпошта дербес шоты №KZ395631299GG0074280
АЛИЯ АБДУЛЛАЕВА анасының ұялы телефонын- 87051068374
Немесе Редакция тел:27-59-60

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>