Аяз атаға хат жаз да сыйлық ал

Балалық шақ ертегіге сенетін, арман қиялға қанат бітетін ең тамаша кезең. Компьютерленген заманда күймеге мініп, Ақша қарын ерткен Аяз атаның қоржынан сыйлық алуға дәмелі балғындар әлі де жетерлік екен. Республика көлемінде «Аяз Атаға хат жаз» атты акция осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жас көлемі шектелмеген. Бұл жолы қызылорданың 4 пен 15 жас аралығындағы балалары ақ киімді денелі, ақ сақалды аталарына хат жазып, арман тілектерін қағазға түсіріпті. Ұмытылмастай сыйлық алсам дегендер де бар, қуыршақ, тарихи кітап, әшекейлер сұраған да табылған. Тіптен қол жетпес арман болған үй алсам, өз баспанамыз болса екен деген де тілегін жолдапты. Ұялы телефон мен планшеттер сұрағандар тіптен көп. Хаттың 12-і орыс тілінде, қалғандары қазақша жазылған. Көбіне ауылдық жерлердің балақандарынан хат көптеп келген. Былтырғы жылы 30 шақты хат жазылса, биыл 3 есеге өскен. Түрлі қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасап, әрлеп, әсемдеп жібергендер де бар. Аяз атамен бірге бізде хат жазғандар балалардың үйіне бардық. Алдымен, балалар ауылында қонақта болдық. Оларға жаңа жылдық сый сияпаттар ұсынылды. Олар да өз тараптарынан алғыстарын жаудырды.Мұнан соң, кішкентай Камиланың үйінде болдық. Аяқ астынан келген Аяз атаға таң қалып, әрі риза болған ол өлең айтып, рахметін білдірді.Бұған дейін қазпошталықтар өзге де хат жазған балаларға сыйлықтарын таратып үлгерген. Ендігі тек №8 балалар интернаттың балалары каникулдан оралған соң, соларға жол түспек. Әрине, қиял мен арманға ешкім шектеу қоймайды. Ертегіге сенетін үлкендеріміз де жетерлік. Жаратушыға сенеміз. Қыдыр атадан да бата сұрап, тілегімізді айтамыз. Ең бастысы, сенімге селкеу түсірмей, армандай білейік.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>