Ауыр салмақты жүк көліктерге талап күшейді

Қызылорда қаласы әкімінің тапсырмасына орай қалалық маңызы бар автомобиль жолдарының сақталуымен және жол қозғаласы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы қалалық әкімшілік полициясы және қалалық коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлескен рейдттік тексерістер бүгінен бастап қала аумағында әрбір он күн сайын жүгізетін болады. Жүргізілген рейдтік тексерістердің барысында жүк тасымалын жүзеге асыратын автокөліктермен белгіленген салмақтық парметрлерінің сақталмағандығы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593 баптың 3 бөлігіне сәйкес жүк тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Тасымалдаушымен бірге жүк жөнелтушінінде әкімшілік жауапкершілігі осы кодекстің 593 бабының 7 бөлігіне сәйкес көзделген. 2015 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін көлік заңнамасының талаптарын сақтамаған 700 астам отандық және шетелдік автокөліктер Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен әкімшілік жауапкершілік тартылған. Салынған әкімшілік айыппұлдар мен жүк автокөліктерінің жүріп өткені үшін алынған алым соммасы 220 млн теңге құрап отыр. Атап өту қажет, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді автокөлікпен тасымалдау ҚР Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидасымен реттеледі. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген. Рейдтке қала әкімінің кеңесшісі Дәулет Сүлейменов бастаған қалалық жол потрольдік полициясымен бірлескен рейд Бейбарыс Сұлтан көшесіндегі Тұңғыш Президент саябағы маңынан басталды. Ауыр салмақты жүк көліктерді тоқтатып, салмағын тексеріп, алдағы уақытта үлкен және жаңа жөнделген көше бойынан заңға сәйкес 25 тоннадан аса ауыр шамада жүкпен жүруге болмайтынын ескертті. Әр он күн сайын өткізілетін рейд тікелей қала әкімінің қадағалауында болады.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>