Асарлатып үй салуда

Біз өткен шығарылымызда бір шаңырақтың астында 11 жан тұратын жанұя жайында бейнематериал көрсеткен болатынбыз. Онда Бекпенбетова Айсұлу жұртшылықтан көмек сұраған еді. Міне, Махамбетов ауылының әкімі бастаған ауыл адамдары ақылдаса келіп, бұл тұрмысы төмен отбасыға 3 бөлмелі үй тұрғызып беруде. Біздің түсірілім тобы асаршылардың жұмысын көріп қайтты. Бекпенбетова Айсұлу жалғызбасты ана. 3 қызының біреуі туа бітті ауру. Екі қызының тағдыры дұрыс болмады. Олардан 6 немересі бар. Шиеттей балалармен ауылдың азынап тұрған ескі балабақшасының ғимаратында тұрып жатыр. Балабақша күрделі жөндеуден өтетін болған соң, олар далада қалатындай жағдайда болды. Содан біздің телеарнаға хабарласқан еді. Бізде қайырымды жандардан көмек сұрадық. Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ақарыс Нұрсейітов өз ауылының тұрғынына дер кезінде көмек қолын созды. Елдің ақсақалдарын жинап, асарлатып үй салып беруге уағдаласты. Сенбі күні ауылдың ер азаматтарынан құрылған жұмысшы тобы асарлатып фундамент құйылған жерге 3 бөлмелі үй салып беруге кірісті. Айсұлудың қуанышында шек жоқ. Жұмысшылар да ықыласпен қолдан келгенше көмектерін аямауда. Ақарыс Нұрсейітов 4 жарым жылдан бері осы ауылдың әкімі. Елдегі тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын басты назарда ұстап келеді. Өткен жылы ауыл халқы болып мүгедек, асыраушысы жоқ, 4 баланың анасы Алтынкүлдің үйін құрсаулап, күрделі жөндеуден өткізіп, есік терезелерін ауыстырып берген. Биыл міне, Айсұлуға үй тұрғызып беруде. Құдай қаласа, 20 күнде толықтай үйді бітіріп береміз дейді. Үйдің жарығы мен суын реттеп те бермек. Міне, қаймағы бұзылмаған ауылда осындай қайырымды жандар тұрады.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>