Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Бүгін облысқа жұмыс сапармен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов келді. Асқар Исабекұлы әкімдікте облыстық партия активімен кездесіп, өңірдің индустрияландыру аймағында да болып қайтты. Сыр өңіріне келгендегі мақсаты – халықпен кездесу, пікір аламысып, аймақтың ахуалымен танысу.

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Облыстық партия активінің отырысы ситуациялық орталықта өтті. Мәжіліске қала мен аудандардан баплығы 400 нұротандық селекторлық байланыс арқылы қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы. Сонымен қатар, Асқар Мырзахметов партияластарының ұсыныстарын тыңдап, «Нұр Отанның» алдағы жопарларымен бөлісті. Айта кету керек, Мырзахметовтің басшылығымен соңғы екі айда Орталық аппараттың штаттық құрылымы оңтайландырылып, өңірлердегі филиалдарға қосымша 358 штат бөлінген.

Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Басқосудан соң Асқар Исабекұлы вагон жөндеу депосында болды. Жұмысшылармен кездесіп, кәсіпорыннның жұмысымен танысты. 80 жылдық тарихы бар темір жолдың тозған вагондарын қалыпқа келтіретін бұл өндіріс орнында қазір 405 адам жұмыс істесе, оның 228-і «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Мұнан соң қонақтар «Өндіріс» индустриялды аймаққа ат басын бұрды. 50 гектар аумақты алып жатқан шыны зауытының құрылысымен танысты. Заманауи технологияға негізделген бұл өндіріс орны күніне 600 тонна шыны табақшасын шығаруға қуатты.

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Асқар Мырзахметов Сыр еліне жұмыс сапармен келді

Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Зауытқа қажет қойма салынып, 100-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Жоспарға сәйкес өндіріс орнын 2017 жылы іске қосу көзделіп отыр. Шыны зауытының өнімдері жаңа технология бойынша өндірілетін болады. Сондықтан, оның экспорттық әлеуеті де жоғары болмақ.

Салтанат Шаханова, Ерлан Жұматаев, Сәуле Нұрпейісова, «ҚҚТ»

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>