Арман қанатында

Басқа өңірлердегідей қызылордалық жастар да алыс-жақын шет елдерде білім алуды қалайды. Өзге тілді еркін меңгергендері сол мемлекеттің іргелі оқу орындарында оқып та жатыр. Оқу бітіріп сол жақта қызмет атқарып жүрген жастарымыз да баршылық. Өзге жер қанша жақсы болса да туған жерге ештеңе жетпейді дейді олар. Білімдіге өріс кең. Осындай жастарымыздың бір Гүлжан мен Сания. Апалы-сіңілердің үлкені Гүлжан Испаниядан Сыр жеріне қоаққа келген. Ол төрт жылдан бері Барселонда тұрады. Өз ана тілімен қоса орыс, ағылшын, испан тілдерінде еркін көсіледі. Төрт дипломы бар. Бір компанияның бас директоры болып отырған сырдың қызы Гүлжан Испанияға танымал дексек те болады. Туризм бен маркитинг саласында өз кәсібі бар. Сонымен қатар жастардың шет елде білім алуына көмектеседі. Халықаралық тәжірибелерден өткізеді. Гүлжанның сіңілісі сания да апасының жолын қумақ. Ол мектеп бітіргесін Париждегі Сорбонна университетіне түспек. Шет тілдерді де еркін меңгерген. Жақын арада Саниы Қызылордада ағылшын тілін үйрену курсын ашқысы келсе, Гүлжан өз компаниясыны филиалын ашпақ.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>