Ардагерлерге құрмет

«Петро Казақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниысы өздерінің спорт кешенінде «ардагерлерге қамқорлық» атты акциясын өткізді.
Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесі аясында Петро Қазақстандық мұнайшылар өздерінің ардагерлерін, асыраушысынан айрылған отбасыларды, әлде бір жағдайлармен үйде отырып қалған әріптестеріне сый-сияпат жасады. Іргелі компания мемлекетіміздің әлеуметтік бағдарламаларының орындалуына үлкен ықпал етуде. Аймағымыздың дамуына да қомақты үлестерін қосып келеді.
АПетроқазақстандықтар жылына екі рет Наурыз мерекесі мен жаңа жыл мерекесі кезінде азық түліктер таратады. Әр кезекте 150 дей адам қамтылады. Оларға үн, май, қант тағы да басқа күнделікті қажетті заттар беріледі.
ПЕТРО 2
Өздерінің зейнеткерлері мен асыраушысынан айырлған отбасыларды азық-түлікпен аста-төк қарық қылып тастамағанымен, базардағылардың бәрі қымбаттап, дағдарыс салқынын салама деген әлмеғайып уақытта бұл да болса үлкен көмек.
Өздерінің ардагерлері мен ақсақалдарын үнемі қамқорлықтарына алып отыратын компания бүгінгі жетістіктері осы аға буынның арқасында екенідгінін үнемі айтып та отырады. Мереке кездерінде арнайы құттықтауды да ұмыт қалдырмайды.
ПЕТРО 3
Спорт кешенінде арайы дастархан жайылып меркелеік дәм ұсынылды. Өз ізбасарларының құрметіне үлкендер дән риза.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>