Ардагер бейбіт өмірді тілейді

ҰОС ның ардагері Сатыбалдиев Әбдірауық ата отанасы екеуі немере-шөбере сүйіп отырған бақытты шаңырақ иесі. Қан майданда от кешкен жан бүгінгі бейбіт өмірге шүкірлік етеді.

Ветеран

91 жасқа келген Әбдірауық ақсақал әлі де тың, немере шөберелердің ортасында бақытты. 66 жылдан бері жұбайымен бір шаңырақ астында тату тәтті тірлік кешуде. Ол Қармақшы ауданында дүниеге келген. Соғыс басталған уақытта 6 рет майданға баруға сұранған екен. 9-шы сыныптың оқушысы 17 ге толмаған балғынды әскери комитет кері қайтара берген. Тек 7-ші мәрте барғанда ғана, оның қайсарлығын көріп, әскерге жіберді. Оның өзінде алдымен Саратов қаласына келіп, командирлер дайындайтын 3 айлық курсқа қабылданды. Сержант шенін алып шыққан кейін, 361-ші дивизия құрамында Ленинградты қорғау, Ленинградты блокададан шығару соғысына қатысты. Сол жылы ауыр жарақат алды. Ал Жеңіс мерекесін Рига қаласында тойлады. Соғыс аяқталған соң, Жапониядағы Хайлар қаласындағы соғысқа қатысқан. Әскерде өмірінің 8 жылын өткізді. 1948 жылы Ашхабадта болып, онда орын алған 10 баллдық жер сілкінісінен аман қалдым дейді атай. Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді дегендей, араға 8 жыл салып, елге оралды. 3 мәрте аудандық мәслихаттың депутаты болды. 40 жылдай аудандық мемлекеттік статистика бөлімінде басшылық қызмет атқарды. Бүгінде ұрпағының ортасында от пен оттың ортасында жүрген майдандағы кездерін, ерлігін айтудан жалықпайды. Ардагерлердің арасында жарымен бірге ғұмыр кешіп жүрген жандар сирек. Атай түрлі марапаттарға ие болған. ҰОС көрсеткен ерлігі үшін бірнеше дәрежелі орден медальдармен марапатталған. Енді міне, қос ғасырдың куәгері, тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп өркендеп келе жатқанына қуанады. Атайдың арманы бар. 95 жасқа келіп, Жеңістің 75 жылдығына куә болсам дейді. Алла қуат берсін деп бізде тілек тіледік.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>