Аналарға тағы бір қамқорлық

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпрпциясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті, «Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау департаменті» және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпрпциясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы-«Зейнатақы төлеу орталығы» департаментінің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында қолайлы жағдай жасау мақсатында өзара жасалған ынтымақтастық мемарандумына сай енді облыстық «Ана мен бала» перенталдық орталығында жаңа босанған аналар үшін тағы бір қызмет түрі көрсетілмек. Халыққа қызмет көрсету және зайнатақы төлеу жөніндегі орталықтар облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп өз ара жасасқан мемарандумның тиімділігі енді аналар «Ана мен бала» орталығынан шыққан соң нәрестелерін көтеріп құжаттар дайындау үшін сабылмайтын болды. Олар өздерімен сәбилеріне керекті құжаттарды бірден өздері босанған жерден рәсімдеп алатын болды. Анығырақ айтқанда жас босанған аналар балаларына туу туралы куәлікті, бірыңғай және бала бір жасқа толғанға дейін тағайындалатын жәрдем ақыны, тіпті нәрестесін балабақшаға кезекке қоюды да осы жерден бір сәтте жүзеге асыра алады. Ана бүгін босанса да ол үшін балабақшадан орын қамдастырылып, сол орын оған тілекші болып тұрады. Бала үшке келіп балабақша жасына жеткенде орыны дайын, еш кезексіз бара береді. Қысқасы ана мен бала үшін көрсетілетін жаңа қызмет түрі мемлекетіміздің оларға деген тағы бір қамқорлығы. Қазір «Ана мен бала» орталығында арнайы орын бөлініп халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары өз жұмыстарын бастап та кетті. Аналарға кеңестер бірілуде. Бұл акция Халыққа қызмет көрсету орталығының барлық аудандық, қалалық бөлімдерінде, аудандық перзентханаларда жалғасын табуда.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>