Амангелді мектебінің алған асулары мол

Қуаныш Баймағанбетов атындағы білім ұясында биыл 513 оқушы тәлім алуда. Мектеп ішінде 25 сынып бар. Барлығы заман талабына сай жасақталып, заманауи үлгідегі 1 мультимедиалық, 1 химиялық және 1 билогиялық кабинет оқушылардың білімін тереңдетуге жұмыс жасап тұр. Мектептің жоғарғы әлеуетін байқаған облыстық білім басқармасы аталмыш білім ошағына 12 жылдық білім беру стандартын да сынақ ретінде енгізіпті. Жаңа стандарттың алғашқы түлектері биыл оқу бітіріп, бірыңғай тестте жоғарғы нәтиже көрсеткен. Білгенін аянбаған мұғалімдердің еңбегінің арқасында 4 оқушы Назарбаев зияткерлік мектебіне, 1 бала қазақ-түрік лицейіне, тағы бір оқушы дарынды балалар мектебіне оқуға қабылданыпты. Мектеп қабырғасы 1986 жылы қаланғанымен, жылдағы сапалы жөндеудің арқасында ғимарат жазда жайлы, қыста жылы. Өткен жылы қазынадын 13,9 млн теңге бөлініп, жылу жүйесі толық жаңғыртылған. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен мектеп ғимараты жөндеуден өтіп, оқу құралдарының біраз бөлігі ауыстырылыпты. Мектеп оқушылары білім алумен қатар өнер мен спортқа да көп көңіл бөледі. Сырдария ауданы әкімінің қолдауымен ауылдағы ескі ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, ауылдық әуез клубы ашылған. Бүгінде мұндай 100-ден аса бала түрлі өнер үйірмелеріне қатысып, ашылғанына жыл ғана болса да би үйірмесінің тәлімгерлері ауқымды конкурстарға орын да алып үлгерген. Ал басқалары музыкалық аспаптардан ән мен күйді төгілтіп тұр. Әуез мектебінде өнерлі жастардың музыкалық аспаптары мен киімдері де жеткілікті. Ал мамандар өз ісін жетік меңгерген. Облыс орталығынан да өнер шеберлері тартылған. Мектеп басшысы бұл өнерлі өрендер алдағы уақытта үлкен өнер додаларында топ жарады деп сенеді. Аманкелді ауылының балалары спорттан да құралақан емес. Байрақты бәсекелерде де бағы жанып жүргендері бар. Спортты одан әрі дамыту мақсатында мектеп жанынан спорт мектебі ашылуда. Қазіргі таңда ескі мектеп ғимараты 47 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, құрал-саймандары алынған. Көп ұзамай салтанатты түрде ашылып, өз жұмысын бастамақ. Амангелді аулындағы атқарылған ауқымды істердің барлығы бүгінгі ұрпақтың баянды болашағына арналған.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>