Облыстық медицналық орталыққа Алматыдан медицина ғылымдарының кандидаты, балалар ортопеді, сынықшы- Юрий Михайлұлы Хван келді. Тәжірибелі ғалым дәрігер орталықта балаларды қарауда.
Юрий Михайлұлы Алматының 58 жылдық тарихы бар «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасында сынықшы-ортопед болып қызмет атқарады. Сондықтан арнайы шықыртумен келген ғылым кандидатына балаларын көрсетіп алғысы келгендер көп. Соның бірі 11 жасар Дамир.
Юрий Хван облыстық медицналық орталықта екі күн болады. Маман дәрігер жарты күннің ішінде 20 баланы қарап үлгірді.
Дәрігер қарап шыққан балалардың бірнешеуі енді «Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасында емделмек.