Алимент төлеу міндетің

Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді демекші, Бала тәрбиесі тек ананың ғана емес, ата ана екеуінің де міндеті.Осыған орай облыстық әділет департаменті және қала прокуратурасы бірігіп Балаңа қарызсың ба Алиментті төле акциясын қала көшелерін аралап автошеру ұйымдастырды
Қоғам өмірі үшін отбасының бұзылмауынан маңызы нәрсе жоқ.Отбасының бірлігі, шаңырақтың шаттығы ерлі зайыптылардың өзара түсіністігіне, сыйластығына, шыдамдылығына байланысты.Өкінішке орай бүгінде ажырасып жатқан отбасылар саны жылдан жылға артып келеді. Кәмелетке толмаған балаларын күтіп бағуы үшін ата анадан алимент төлемдерін өндіру заңмен көзделіп отыр.Осы орайда прокуратура мен жергілікті атқарушы, уәкілетті органдармен және сот орындаушылармен бірлесіп алимент өндіру санатындағы атқарушы өндірістердің орындалу тиімділігін арттыру және жаңа оқу жылының басталу кезеңі қарсаңында Балаңа қарызсың ба Алимент төле акциясын ұйымдастырылды
Sheru 03
Акция барысында қаланың көшелерімен автошеру ұйымдастырылды.Автошеруде қала тұрғындарына брашуралар, түсіндірме парақшалар таратылып, Алимент төле борышкер тақырыбында жалаулармен қаланы айналып өтті.Қиын істі орындау үшін департамент барлық жағдайды пайдаланып, алимент төлемін мәжбүрлеп орындатуда ІІБ, соттармен ауқымды шаралар атқаруда.Жүргізілген жұмыс нәтижесінде, сот шешімімен 22 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай ақ, жыл басынан бері Республика аумағынан шығуға 47 борышкерге тиым салынған.
Sheru 04
Біздің міндетіміз шама келгенше қиыншылықтардың бәрін жеңіп, сот актілерін уақытында орындау болып саналады дейді ұйымдастырушылар.Ең алдымен, сана берсін деп отыратыны еске түседі. Кім кімнің де арғы жағында Өз қанымнан жаратылған баланы тарықтырмайыншы деген сана сезімі мен шын ниеті болмаса, қандай жолмен болсада ықпал ету қиынның қиыны

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>