70 жастағы кейуананың жүрегіне ота жасалды

Дені саудың жаны сау деген қағиданы ұстанатын ақ халатты абзал жандар аурып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеп табу керектігін айтады. Алайда науқастық айтып келмейді.Бірі керекті уақытында ем алмай асқындырып алса, енді бірі туа бітті науқастыққа шалдыққан. 70 жастағы Үйтолған Бисенғалиевада туа бітті жүрек ақауы бар. Облыстық медициналық орталықтың дәрігерлері кейуананың үлкен жасына қарамастан ота жасаған.

омц

Көбіне көп туа бітті жүрек ақауы жас сәбилерде анықталады екен. Содан бастап дәрігерлердің кеңесі арқылы ота жасалады. Жас шамасы ересек науқастарға операция жасау Сыр өңірінде 2-ші мәрте.Көбіне көп бұл науқастыққа шалдыққан жандарға диогностика жасау арқылы аурушандық белгісі ерте анықталып алдын алу қажет. Сәби күндерінде алдын алудың арқасында демігу басып, жүректегі тесіктің орны жабылады. Ал бұл дертке жалдыққандардың аурушандық белгісі ересек кезеңде анықталып жатса, сондай ақ нәзік жандылар болса дүниеге сәби әкелу барысында өз өміріне қауіп бар екенінде жасырмады дәрігерлер. Үйтолған Бисенғалиеваның жасы 70- те, 8 баланың анасы, 10 құрсақ көтерген. Туа бітті жүрек ақауы негізінен атадан балаға ген арқылыда беріледі. Үйтолған әжейдің ерте кезде өзінен кейінгі сіңілісі науқастанып сол уақытта ота жасаған. Ал кейуана осы 70 жасына дейін мұндай дертке шалдыққаның білмеген. Кейінгі уақытта көп жүргеннен бірнеше қабатты үйлерге көтерілгенде демігіп, бұғанда назар аудармай жас шаманың келгені болар деп аса мән бере қоймаған. Қайта қайта жүрген тұсының шаңшығаны көбейген соң дәрігерлерге тексеріліп ЭКГ, УЗИ аппаратарына сынамадын өткен. Нәтижесінде қойылған диогнозы туа бітті жүрек ақауы. Өңірлік дәрігерлер Алматы, Астана қалаларына баруға кеңес берген. Үйтолған Бисенғалиева өзге қалалар алыс жол санап, сол себепті осында қалуға шешім қабылдаған. Өңірлік дәрігерлерге сенген кейуаның сенімі ақталды. Бүгінде жағдайы жақсы. Ал кардиолог дәрігерлер тұрғындарға дер кезінде тексерілуден өтіп ем алу қажеттігін ескеретеді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>