40 жыл жөндеу көрмеген көше

Редакциямызға Шанхай мөлтек ауданы Проектируемая көшесінің тұрғындары хабарласып жолдың жөндеу көрмегендігін, жарықтың жел тұрса өшіп қалатындығы турасында айтты. Осы көше тұрғындарының проблемасымен танысып қайтқан тілшіміз Мереке Серікболқызының бейне материалынан толық таныса аласыздар.

40 жылдан бері жөндеу көрмеген мына көше жаңбыр жауса лайланып жүруге мүмкіндік болмайды деді тұрғындар. Бірнеше жылдардан бері қолдан келгенше тұрғындар өздері тас, қоқыс, құм себетін көрінеді, алайда жауын жауған сайын аз аздан қолдап жасалған бөгет жерге сіңіп кетіп адам тұрамақ көше бойымен автокөліктер батып жүруден қалады екен. 40 қа жуық үй қоныстаған бұл көше тұрғындарының көбі дерлік ауылдардан көшіп келген. Деседе мұндай түйіткілді мәселесі шешілмеген, күрмеулі проблемасы көп көшені алғаш көруіміз десті. Үйімізді сатып көшудің өзі мұң. Үйді көруге келген алушы саудаласпай ақ көше сыйқын көріп қашады. Бәрі қалыпқа түсер деген сеніммен күнелтіп келеміз.

Уәделер берілген, сенім ақталмаған. Қағылған есіктер көп, нәтижесі аз. Лайланған көшеден сабаққа бару үшін оқушылар бір емес үш ауысымдық аяқ киім тасуға мәжбүр. Аура қалған жағдайда жедел жәрдем көлігі жүре алмайды. Көшенің басынан күтіп әлек тұрғындар. Ал көшенің соңғы жолмен түйіскен беті қоқысқа толған.

Айтылуы қиын, қазақша атау бұйырмаған көшенің сыйқы осы лай-батпақ, қоқысқа толы. Билік пен халық арасындағы алтын көпір болған журналисттер арқылы бұл мәселеге құзырлы сала мамандары жауап беріп, көмек көрсетеді деген сенімде.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>