247 қылмыстық іс тергеп, тексеру мерзімінен заңсыз үзілген

Қоғамдағы саны артпаса азаймай отырған қылмыстардың бірі алаяқтық пен қарақшылақ. Аудандарды қоспай тек қала бойынша есептегенде 9 қарақшылық қылмыс тіркеліп, тек 2 іс қана әшкереленген. Қарақшылық -бұл шабуыл жасау , адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіру. Прокуратура қызметкерлері қарақшылықтың алдын алу мақсатында арнайы профилактикалық шаралар өткізіп үйге, мекемеге бейне бақылау камераларын қою бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік деседі. Алайда соңғы уақытта орын алған қылмыстық оқиғалардың орнына жедел жеткен құзырлы орган қызметкерлері бейне камераның тіркегішін алып кетіп қылмыскерлер іздерін суытып үлгеруде, істі толық ашуға осындай жағдаяттар кері әсерін тигізгізіп жүргені турасында баяндады. Қарақшылықтан сон жиі кездесетін қылмыс түрлерінің бірі алаяқтық. Пәтер алып берем, жұмысқа орналастырамын, пайызы аз несие алуға көмек көрсетемін деп алдап арбап жүрген қылмыстылардың біраз бөлігі нәзік жандылар екен. Жалпы статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2015 жылдың 9 айында 1133 қылмыс тіркеліп, оны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 214 ке яғни 23,3 пайызға өскен.Сондай ақ 247 қылмыстық іс тергеп, тексеру мерзімінен заңсыз үзілген. Себебі неде? Өсім бар, азаю жоқ. Бұл арқылы құқық қорғау органдарына деген халықтың сенімін жоғалтып алу абден мүмкін. Өңіріміз үлкен мега полис емес, мұндай қылмыстардың алдын алып, болдырмау үшін жұмыс жасай алмаған қызметкерлерге де шара қолдану қажет деді облыс прокуроры. Алқа кеңесінде айтылған мәселеге байланысты басқарма бастықтарына облыс прокуроры қатаң түрде тапсырма берді. Сондай берілген тапсырманың орындау мерзімі де бекітілді. Жіберілген қателіктер мен кемшіліктердің орны алдағы уақытта толықтырылады десті кеңеске қатысушы құқық қорғау органының қызметкерлері.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>