№235 орта мектепте ұлттық ойындардан сайыс өтті

Асық ату, ләңгі тебу- қазақ балаларының ұлттық ойындары. Соңғы уақыттары осы ұлттық спорт ойындарына жан күйерлеріміз бен демеушілеріміз қызығушылық танытып, оның дамуы үшін оқушылар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырып келеді. Соның бірі -ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «ұстаз мәртебесі» газетінің 5 жылдығы сосын наурыз мерекесіне орай шаһардағы № 235 орта мектепте өтті. Осымен үшінші рет өтіп отырған сайысқа қаладағы мектептерден барлығы он бес команда қатысып , ойынның көрігін қыздырды. Оқушылар асық атып мергендіктерін,епшілдіктерін көрсетсе. мұғалімдер ләңгі теуіп, шеберліктерін қатысушыларға паш етті. Соңынан жарысты қолдаушылар тарапынан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

235 мектеп

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>